Жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу бойынша 40 жоба жүзеге асырылады

13 Маусым 2023, 14:40
605
Бөлісу:
Жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу бойынша 40 жоба жүзеге асырылады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Ертіс өңірінде жергілікті маңыздағы жолдарды жөндеу бойынша 40 жоба жүзеге асырылады. Бұл – 300 гектардан астам тас жолдың сапасы жақсарады деген сөз, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Жобаларды жүзеге асыруға 12 млрд теңге бөлінген. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкировтың айтуынша, қазіргі уақытта жөнделіп жатқан 40 нысанның алтауында жұмыстар аяқталған. 15 объектідегі жұмыс жалғасын тауып жатса, тағы бір нысан бойынша мемлекеттік сатып алу процедуралары жүріп жатыр. Ал қалған жобаларды іске асыру келесі айда басталады.

Өңірдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында 90 шақырымдық «Қызыл октябрь-Жаңа Ақшиман» жолы салынып жатыр. Сонымен қатар биыл 39 шақырымдық «Ақшиман-Лекер» және 39 шақырымдық «Баянауыл-Угольное» жолы салынады. Осылайша, Май және Баянауыл аудандарының арасы жақындай түседі. Қашықтық 100 шақырымға қысқарады, - дейді Қанат Қашкиров.

Биылғы жылғы жұмыстардың нәтижесінде қиыршықтасты жабындыдан асфальт жабындыға ауысатын жолдардың үлесі 220 шақырымға артады. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң нормативті жағдайда болатын жергілікті жолдардың үлесі 94%-ға арттыру көзделген. Жобаларды табысты іске асыру үшін жол-құрылыс материалдарының сапасы жіті бақыланады

Өзгелердің жаңалығы