Жергілікті әкімдіктер 12 миллиардқа жуық қаржыны игермеген

17 Тамыз 2020, 11:02
1300
Бөлісу:
Жергілікті әкімдіктер 12 миллиардқа жуық қаржыны игермеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы алты айдағы көрсеткіш бойынша өңірлердің дамуы үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 12 миллиардқа жуығы игерілмеді, деп жазды  taunews.kz.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2020 жылға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңгенің трансферті  қарастырылған.
Игерілмеген трансферттердің басым бөлігі Алматы қаласында (1,8 млрд тг). Одан кейінгісі Алматы облысы (1,1 млрд тг) мен Нұр-Сұлтан қаласы (902,1 млн тг). Ал Шымкент қаласы мен Қостанай, Жамбыл обыстарының әкімдігі керісінше өңірлік дамуыға бөлінген трансферттің 100 пайызын игерген.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, алғашқы жарты жылдағы жергілікті бюджеттердің кірісі 3,6 трлн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,2 пайызға артты. Кірістің ұлғаюына биылғы бөлінген трансферт көлемінің 49,1 пайызға өскені (2 трлн,тг) әсер етті. Сондай-ақ, салық түсімдері де 34,9 % пайызға артып, 1,5 трлн теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы