Жерге өлшемі шамамен бір метрлік астероид құлады

Бүгiн, 13:07
255
Бөлісу:
Жерге өлшемі шамамен бір метрлік астероид құлады
Фото: Shutterstock

Жер шарының Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіне құлаған 2024 RW1 астероиды атмосфера қабатында жанып кетті,деп хабарлайды BAQ.KZ New Scientist басылымына сілтеме жасап.

Астероид мөлшері шамамен 1 метр шамасында болса, оның құлау жылдамдығы секундына 17,6 шақырымды (сағатына 63 360 шақырым) құраған.

Басылымның жазуынша, бұл жылдамдық мұндай астероидтар үшін орташа көрсеткіш болып табылады. Сәйкесінше, NASA Планеталық қорғанысты үйлестіру басқармасы астероидтың қауіп төндірмейтінін алдын ала болжаған. Сәйкесінше, ешқандай эвакуация шаралары қолға алынбаған.

Ол Филиппин Республикасының аспанында атмосфера қабатында жанып кеткен.

Сайт Ұлыбританиядағы Корольдік университетінің ғалымы Алан Фитцсиммонстың «Мұндай шағын нысан Жерге ешқандай зардап келтіре алмайды. Бізді одан Жердің атмосферасы қорғайды», – деген пікірін келтірген.

Өзгелердің жаңалығы