Жердегі магниттік дауыл шарықтау шегіне жетті

12 Мамыр 2024, 04:10
11040
Бөлісу:
Жердегі магниттік дауыл шарықтау шегіне жетті
Фото: xras.ru

11 мамырда Жер бетінде магниттік дауыл шарықтау шегіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, ресейлік Күн астрономиясы зертханасының мамандары құбылысты зерттеген.

Кульминация, яғни аспан шырақтарының меридиан арқылы өту құбылысы басталды. Жерге Күн тарапынан барынша жылдамдық массалары келді. Магниттік дауыл шарықтау шегіне жетіп барып тоқтайды. Өрістің тербелісі бесінші деңгейдің экстремалды мәніне қайта келді, - делінген ғалымдар ұсынған ақпаратта.

Белгілі болғандай, желдің жылдамдығы қазіргі уақытта секундына 800 бен 1000 шақырым арасында болады.

Сондай-ақ Жерде Күннен бірнеше қуатты шығарындыдан соң магниттік дауыл басталған және әлі де жалғасуда. Ол ең жоғары көрсеткіш – G5-ке дейін жетті. Мұндай деңгей 2005 жылға дейін байқалмаған.

Айта кетерлігі, күшті магниттік дауыл кезінде адамдардың бастары ауырып, әлсіздік, қан қысымының тұрақсыздығы сезіліп, ұйқысыздық мазалауы мүмкін. Ғалымдар мұны магниттік өрістің тербелістері кезінде капиллярлық қанайналымның азайып, тіндерде оттегілік ашығу орын алатындығымен түсіндіреді.

Еске салайық, бұған дейін 10-11 күндері күшті магниттік дауыл болатындығы туралы жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы