Жерасты өткеліндегі жарық мәселесін шешеміз - Нұрлан Ұранхаев

1 Шілде 2023, 18:50
1036
Бөлісу:
Жерасты өткеліндегі жарық мәселесін шешеміз - Нұрлан Ұранхаев

Облыс басшысы жеке қабылдау барысында және халықпен есептік кездесу кезінде көмек сұраған азаматтармен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аймақ басшысы барған алғашқы нысан Шугаева көшесіндегі үш қабатты үй болды. Бірнеше базарлармен қоршалған адамдар өздерін қоршауда сезінеді. Жасыл желектің, ойын алаңының болмауы алаңдатады. Бұдан бөлек аулаға кіреберістің жоқтығынан өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көлігі мүлде кіре алмайды екен. Үйде 30 пәтер бар, бірақ олардың тек 8-і ғана қоныстанған, қалғандарын кәсіпкерлер өз қажеттіліктеріне пайдаланады.

Нұрлан Ұранхаев тұрғындардың мәселелерімен жақын арада айналысатындығын және сол маңдағы базарларды басқа жерге ауыстырып, көше ашылғаннан кейін көптеген мәселелер шешілетінін атап өтті.

Жерасты өткеліндегі жарық мәселесін шешеміз - Нұрлан Ұранхаев

Сондай-ақ, әкім қаланың сол жағалауында орналасқан Жаңасемей көшесіндегі үйдің тұрғындарымен кездесті. Мұнда олар ойын алаңының жоқтығына шағымданды. Сонымен қатар, Әуезов, Бозтаев көшелерінің бойындағы жер асты жаяу жүргіншілер өткелі жайында шағымдарын жеткізді. 

Азаматтардың айтуынша, ол жерлерде жақында күрделі жөндеуге жасалғанына қарамастан, онда жарық жоқ, төбеден су ағып жатыр. Ал, кеш уақытта ішімен жүруге қорқатындарын ашық айтты. Облыс басшысы жерасты өткелі мәселесі жақын арада шешілетініне уәде берді.

Полицияға тапсырма береміз. Бүгін-ертең біз бәрін тексереміз және жерасты өткеліндегі жарық мәселесін де шешеміз. Ойын алаңына келетін болсақ, мемлкеттік байқауда жеңіске жеткен мердігер жауапсыз болып шықты, сондықтан қазір құжаттардың шешілуін күту керек. Қалада 570 ойын алаңы бар. Биылғы жылы біз тек 70-ін жөндейміз. Қалғандары кезекпен жасалады, - деді Нұрлан Уранхаев.

Жерасты өткеліндегі жарық мәселесін шешеміз - Нұрлан Ұранхаев

Келесі нысан ел аузында Ет комбинаты деп аталып кеткен ауданындағы жеке үйде болды. Жергілікті тұрғындар әкімге ауызсу мен жарықтың жоқтығына шағымданды. Облыс басшысы қала әкімдігінің қызметкерлеріне мекен-жайға тағы бір рет келіп, барлық мәселелермен танысып, олардың шешімін табуды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы