Талғарда мектептер мен балабақшаларда бүгін, 2024 жылғы 5 қарашада болған жер сілкінісінен кейін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Талғар қаласының мектептері мен балабақшаларындағы сабақтар бүгін тоқтатылды, - делінген хабарламада.
Бүгін Астана уақытымен сағат 10:01-де Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінген еді. Алматыда неліктен жер сілкінісіне байланысты хабарландыру болмағаны туралы жазған болатынбыз.