Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда ІІМ басшысы Ержан Сәденов журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жер сілкінісінен кейін алматылықтар Астанаға жаппай көше бастады ма? – деп сұрады журналистер министрден.
Алматылықтардың өз қалаларын жақсы көреді. Иә, оларға елордаға келу қызықты. Бірақ бізде ондай ағын жоқ, - деп айтты еліміздің бас полицейі.
Кеше "Алматыдағы жер сілкінісі Астанадағы баспана бағасына әсер ете ме?" деген сұраққа сарапшылар жауап берген еді. Олардың айтуынша, тікелей әсер етпесе де, жанама әсер болады.