Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жер сілкінісі: Алматыда метро жабылды

Бөлісу:
 instagram.com/almatymetro
Фото: instagram.com/almatymetro

Бүгін Алматы қаласында жер сілкінісі болды. Осыған байланысты қаланың метрополитені уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орын алған жер сілкінісіне байланысты Алматы метрополитені уақытша жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта ТЖМ мамандары нысанды қауіпсіздік талаптарына сәйкес толық тексеріп жатыр. Тексеру аяқталып, ТЖМ-нен рұқсат алынғаннан кейін метро жұмысы қайта жанданатын болады, – делінген Алматы метрополитенінің хабарламасында.

Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар инфрақұрылымның жағдайын бағалап, жолаушылардың қауіпсіздігін жіті қадағалап жатыр.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға сейсмикалық жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтап, төтенше қызметтердің нұсқауларын орындауды еске салады.

Еске сала кетсек, бүгін сағат 12:45 кезінде алматылықтар жер сілкінісін сезінген болатын.

Өзгелердің жаңалығы