Жер реформасы. Мұндай біліммен жер ресурстарын басқаруда қалай тәртіп орнатамыз?

10 Сәуір 2021, 10:40
4017
Бөлісу:
Жер реформасы. Мұндай біліммен жер ресурстарын басқаруда қалай тәртіп орнатамыз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев Жер реформасының экономикалық мәселелері бойынша жұмыс тобының қараған сұрақтарына тоқталды.

Экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобының екінші отырысына 33 адамның 25-і қатысты. Отырыста 3 мәселе талқыланды. Бірінші мәселе - жерге орналастыру және геодезиялық жұмыстарды лицензиялау.

Жоғары оқу орындарында осы мамандықтар бойынша оқыту стандарттарына қойылатын талаптарды жоғарылату. Жұмыс тобының мүшелері салаға лицензия беру туралы ұсынысты қолдамады. Бұл мәселенің кейін арнайы комиссия немесе комитет құрылған кезде мемлекетіміздің саясатына сәйкес, бәсекелестікті дамыту негізінде қаралғаны дұрыс деп шештік, - деді ол.

Оның айтуынша, сұрақтың екінші бөлігін, яғни оқу стандарттарының сапасын көтеруді көпшілік қолдады. Оқу стандарттарын дамыту үшін университеттерге ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы кәсіптік стандарт дайындап беруі керек.

Облыс және аудан әкімдерінің қарамағында арнайы жер қатынастары басқармалары жұмыс істейді. Барлығы 229 құрылым. Солардың басшыларының кәсіби білім деңгейін сараптадық. Сол басшылардың тек 30%-ы өз ісінің маманы болып шықты. Басқалары - заңгерлер, құрылысшылар, экономистер, зоотехниктер, гидротехниктер, механиктер т.б. Мұндай біліммен біз жер ресурстарын басқаруда қалай тәртіп орнатамыз?, - дейді ол.

Депутат көтерген екінші мәселе - орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығы үшін пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатына ауыстыру және жергілікті халықтың мал жаюы үшін сол жерлерді жалға беру мүмкіндігін кеңейту.

Орман қоры жерлерін азайтуға топ мүшелері қарсы болды. Өйткені Қазақстанда орман алқабы үлесі 5% ғана. Керісінше, біз ормандарымызды сақтап, оның көслемін ұлғайтуымыз қажет. Ал, орман қорындағы жайылымдарды жерсгілікті халықтың мал жаюына тиімді пайдалануына көп кедергі бар екеніне көз жеткіздік. Мысалы, Қазақстанда орман қорларының және ерекше қорғалатын аймақтардың алқаптары 41 млн гектарға жуық. Соның ішінде 10 млн га жайылымға берілген. Бұл үлкен мүмкіндік. Бірақ, өкінішке қарай, жайылымдарда жергілікті халыққа жалға беру мәселелерінде бюрократия өте көп. Мемлекеттік органдар және әкімшілік тарапынан бұл мәселелер тиісті деңгейде бақыланбайды. Біздің ұсынысымыз - халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ҚР Үкіметіне орман алқаптарынан жайылымдар мен шабындықтарды жалға беру жөніндегі заңнаманы жетілдіру, - деді ол.

Үшінші мәселе - 1942 жылғы құпия координаттар жүйесін пайдаланудан бірыңғай координаттар жүйесіне ауысуымыз қажет. Спикер бұл мәселе жер қатынастарын цифрландырудың негізі екенін атап өтті.

Қазіргі таңда ТМД мемлекеттері ішінде 1942 жылғы ескі координаттар жүйесінде қалған Тек Түркіменстан мен Қазақстан екен. Бұл мәселеде біз кейін қалып отырмыз. Ұсыныс - жер ресурстарын басқаруда 1942 жылғы құпия координаттар жүйесін пайдаланудан бірыңғай координаттар жүйесін пайдалануға тезірек көшу, - деді ол.

Төртінші мәселе - ҚР Салық кодексіне ауыл шаруашылық жерлерінен түскен салықтарды төртінші деңгейдегі бюджетке аудару бөлігінде өзгерістер енгізу.

Бұл сұрақты күн тәртібінен алып тастауды ұсынамыз. Өйткені аталған мәселеге қатысты тиісті заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Бесінші мәселе - ауылдық аумақтарды дамыту мәселерін үйлестіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан ауылдық аумақтарды басқару комитетін құру мәселесін қарастыру. Бұл сұрақ тікелей жер рефомрасына тиісті болмаса да, ауылдық елді мекендерді дамытуға байланысты, - деді депутат.

Алтыншы мәселе - экономикалық талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау.

Жетінші мәселе - жер реформасы бойынша комиссия мүшелері министрліктерден бірақ ақпарат, есеп сұратқан. Депутат бұл шараларды уақытында орындау керегін айтты.

Өзгелердің жаңалығы