Жер қойнауын игеруге арналған алғашқы электронды аукцион қашан өтеді

26 Шілде 2023, 18:51
1151
Бөлісу:
Жер қойнауын игеруге арналған алғашқы электронды аукцион қашан өтеді
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ

1 тамызда E-Qazyna.kz платформасында қатты пайдалы қазбаларды барлауға құқық беретін еліміздегі алғашқы электронды аукцион ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған дейін пайдалы қазбалар бойынша мұндай форматта аукцион өткізілмеген екен. Сондай-ақ бұл салаға жауапты орган Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аталған бағыттағы алғашқы тәжірибесі болғалы тұр.

ИИДМ мәліметінше, еліміздің минералды-шикізат базасын толықтыруға арналған сауданы ұйымдастыру үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп, оны өткізудің ережелері жан-жақты қаралып, тетігі әзірленді. Барлық учаске туралы ақпарат ел картасында көрнекіленіп, сондай-ақ статистикалық мәлімет пен басқа да деректер блогы қарастырылған. Электронды аукцион жер қойнауы игеру бағытын дамытып, инвестициялық тартымдылықты арттыруда маңызды қадам болып саналады.

Осы уақытқа дейін мемлекет ҚПҚ кен орындарын игеруге құқық беретін дәстүрлі аукциондарды өткізіп келгенін айта кетейік. Енді тамыздан бастап сауда форматы онлайн режімде қолға алынып, аукцион әлемнің кез келген жерінен қол жетімді болады. Бұдан басқа аукционға қатысушылар бір-бірін көрмейді. Демек қандай да бір уағдаластықты алдын алып, қатысушылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Нәтижесінде мемлекеттік қазынаны толықтыру үшін неғұрлым тиімді ұсыныстарға жол ашылады, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Аталған аукцион 1 тамызда сағат 10:00-ден басталады. Егер де сауда лоттар жабылғанға дейін қарқын алса, онда 17:00-ге (АСТ) дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы