Атырауда жерді мақсатсыз пайдалану артқан

12 Маусым 2019, 08:57
2925
Бөлісу:
 Атырауда жерді мақсатсыз пайдалану артқан
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда жыл басталғалы жер пайдалану саласындағы заңбұзушылық былтырғы кезеңмен салыстырғанда 72 санға өсіп, 172-ні құраған.

Аймақта тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерінен артық жерді қоршап алу алу фактілері жиі кездеседі. Одан кейін сәйкестендіру құжаттарына арызданып жатады екен. Мұндай фактілермен 32 жеке тұлғаға әкімшілік іс толтырылып, 3 млн теңге айыппұл салынған. Бұл жөнінде Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы маманының қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан өзге де заңбұзышылықтар жасалатыны белгілі болды.

«Негізінен жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану көп кездеседі. Жер учаскелері дүкеннен, кафеден беріледі. Атырау қаласында коммерциялық қызмет сияқты нысандарға тікелей кіретін көптеген газ құю станциясы көптеп шығуда. Одан бөлек, игерілмеген жер учаскелері де жетерлік. Бұл жер телімдеріне үш жылдан астам уақыт құрылыс жүргізілмеген. Осыған байланысты жүргізілген 179 тексеру кезінде 44 заңбұзушылық анықталды, 33-іне әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде жалпы сомасы 7 млн теңге мемлекет пайдасына қайтарылды. Оның 4 млн-ын тұрғындар өз еркімен төлеген», - дейді Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәнібек Абдулкәрімов.

Өзгелердің жаңалығы