Жер мәселесіне қатысты ұстанымым өзгерген жоқ – Дос Көшім

24 Наурыз 2021, 17:03
2044
Бөлісу:
Жер мәселесіне қатысты ұстанымым өзгерген жоқ – Дос Көшім

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жер еш уақытта өз азаматтарымызға да, шетелдіктерге де сатылмасын деген ұстанымдамын. Бұл туралы «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, саясаткер Дос Көшім тілдесу кезінде айтты.

Жер реформасы бойынша құрылған комиссия құрамына енген саясаткер жер өз азаматтарымызға да сатылмасын деген ұстанымда.

Жер еш уақытта өзіміздің және шетелдік азаматтарға сатылмасын, шетелдік компанияларға жалға берілмесін деп 2016 жылдан бері айтып келе жатқан ұстанымымыз бар. Мен әлі күнге дейін сол ұстанымдамын. Өткен жолы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер шетелдіктерге ғана сатылмайды және жалға берілмейді дегені түсініксіздеу болып қалды. Оның алдында өз Жолдауында жерді пайдалануымыз керек, оның экономикаға әсерін тигізетіндей етуіміз керек дегені бар. Мен содан сәл күдіктеніп отырмын. Сондықтан да осы жолы да Жер комиссиясына кірдім, - дейді ол. 

Сондай-ақ ол алдымен қайтадан құрылған комиссияның негізгі мақсатын анықтап алу қажет деген ойын білдірді.

Ертең жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы өтеді, онда не мәселе талқыланатынын қарау керек. Оның үстіне бұл комиссияның жұмысын нақтылау керек, өйткені кез келген комиссияның мақсаты анықталуы керек. Әйтпесе бәрі бос сөз болып кетеді, - дейді Көшім.

Өзгелердің жаңалығы