ЖЭО мәселесі. Министрлік 8 қазандық пен 11 турбинаны жөндейді

2 Сәуір 2024, 13:59
420
Бөлісу:
ЖЭО мәселесі. Министрлік 8 қазандық пен 11 турбинаны жөндейді
Фото: Үкімет

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев монақалалардағы жылу орталықтарын жөндеуге ерекше назар аударылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрлік моноқалалардағы ЖЭО бойынша келесі жылыту маусымына дайындыққа ерекше назар аударады. Жоспар-кестеге сәйкес Степногорск, Риддер, Теміртау, Шахтинск, Рудный Екібастұз, Кентау қалаларында 28 қазандық пен 11 турбинаны жөндеу және реконструкциялау жоспарланған, - деді министр.

Жөндеу жұмыстарын энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменттері бақылайды. Ай сайын проблемалық мәселелерді анықтау және шешу бойынша салалық селекторлық кеңестер өткізіледі.

Министрлік басшысының мәліметінше, бүгінгі таңда барлық 20 моноқалалар электр және жылумен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда қолданыстағы қуат нарығы аясында 2 жоба іске асырылуда. Степногорск қаласында жалпы сомасы 25 млрд теңгеге "қазандық агрегатын қалпына келтіру және турбоагрегатты Степногорск ЖЭО-ға ауыстыру" жобасы іске асуда. Жобаны аяқтау 2026 жылы жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жалпы құны 27,2 млрд теңге болатын Балқаш жылу электр орталығын жаңғырту жоспарлануда, жобаны аяқтау 2027 жылы жоспарлануда. Жуық арада республикалық бюджет қаражаты есебінен Лисаков қаласында жалпы құны 858 млн теңге болатын "орталық қалалық қазандықтың өз қажеттіліктері үшін газ поршенді қондырғысын салу" жобасын іске асыру жоспарлануда, жобаны аяқтау 2025 жылы жоспарлануда, - деді Сәтқалиев.

Бүгінгі таңда 20 моноқаланың 9 қаласы газдандырылған.

11 қала газдандырылмаған күйінде қалып отыр: Степногорск (Ақмола облысы), Ақсу және Екібастұз (Павлодар облысы), Риддер, Алтай (Шығыс Қазақстан облысы), Курчатов (Абай облысы), Балқаш, Абай, Шахтинск (Қарағанды облысы), Сәтбаев, Қаражал (Ұлытау облысы).

Елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауына байланысты жоғарыда аталған қалалар бүгінгі күнге дейін газдандырылмаған күйінде қалып отыр.Болашақта бұл моноқалаларды газдандыру шамамен 600 мың адамды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тиісті жұмыс жүргізілуде және министрліктің бақылауында, - деді Энергетика министрі.

Өзгелердің жаңалығы