ЖЭО бойынша рейтинг жасалады

11 Сәуір 2023, 10:41
716
Бөлісу:
ЖЭО бойынша рейтинг жасалады
Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі электр станцияларына техникалық аудит жүргізу аяқталғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, енді көрсеткіштер бойынша рейтинг жасалады.

Ол былай: тозу, негізгі жабдықтың жарамдық мерзімі, отын шығынының үлестік көрсеткіштері, персоналдың жинақталуы, пайдалы әсер коэффиценті, технологиялық бұзушылықтар және жөндеу бағдарламаларын орындау.

KPMG Үндістанның халықаралық кеңесшілері барлық электр станцияларына барды. Қазіргі уақытта қаржылық есеп қалыптастырылуда және әрі қарайғы іс-қимылдар бойынша материалдар дайындалуда, – деді ол.

Алдағы 2023-2024 күзгі – қысқы кезеңге сәтті дайындық үшін:

1. жөндеу жұмыстарын қажетті көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету;
2. жоспарланған жөндеу жұмыстарының көлемін, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар бойынша қысқартуға жол бермеу;
3. энергия көздерінде отынның және қосалқы бөлшектердің нормативтік қорын жасау;
4. қызметкерлермен апатқа қарсы жаттығулар өткізу қажет.

Ол Әлихан Смайыловқа Энергетика министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлердегі жылу маусымына дайындық барысын бақылау жөніндегі жұмысты жалғастыратынын айтты.

Айта кетсек, жаңадан тағайындалған министр “Екібастұзтеплоэнергоға” салынған айыппұл аз екенін атап өтті. Айтуынша, мекемеде температура кестесі 94 рет орындалмаған.

Өзгелердің жаңалығы