Жеңіске жетелеген жалғыз гол

27 Шілде 2022, 12:06
2194
Бөлісу:
Жеңіске жетелеген жалғыз гол
PHOTO

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайлық «Тобыл» командасы гибралтариялық «Линкольн Ред Импспен» болған екі ойындада жеңіске жетті.

Қостанай қаласының «Орталық» алаңында өткен алғашқы ойында қостанайлықтар қарсыластарын 2:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Сол ойында Айбар Жақсылықов пен Жарко Томашевич кезектесіп қарсыластың қақпасына соққан голдар «Тобылды» жеңіске жетелеген болатын. 

Осыған орай бүгін түн жарымында Гибралтардағы «Виктория» стадионында Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің екінші ойыны аяқталды. Ойын Қазақстан уақыты бойынша ойын 22:00-де басталды.

Жеңіске жетелеген жалғыз гол

Осы орайда айта кету керек, «Тобылдың» ойыншылары мен жаттықтырушылар құрамы бір тәулікке жуық Ұлыбританияның теңізді аумағы саналатын мемлекеттің шекара қызметі сынықтан сылтау тауып, қостанайлықтарды әбден әбігерге салды. Осылайша «Тобыл» командасы сырт алаңда өздері жоспарлаған ойын алдындағы жаттыңуларын өткізе алмады деуге болады. Осылайша бұл  сапар қостанайлық делегацияның есінде мәңгілікке сақталатын болды.

Енді ергежейлілер еліндегі ойынға тоқталсақ. Төрешінің алғашқы ысқырығымен «Тобыл» бірінші матчтағы сияқты ашық шабуылға көшіп, сауатты қорғаныс ойынын  көрсеті. 

Бірінші тайм туралы айтатын болсақ, «Тобыл» ойын барысын толық бақылауда ұстады. Допқа да көбірек иелік етті. Бірақ қостанайлықтар тарапынан жоспарланған көптеген шабуылдарды іске асыруда айтарлықтай сәтсіздерге жол берді. Бұл дерде «Линкольн» ойыншыларыныңда негізінен жақсы өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Олар «Тобылдың» шабуыл жоспарларының көпшілігін дер кезінде тоқтатып, өрескел әрекеттерге барып жатты.

Сырт алаңдағы жеңіске жетелген жалғыз гол 31 – ші минутта соғылды. Бұл жолыда «Тобылдың» жұлдызды ойыншысы Зоран Тошич көзге түсті. Осылайша есеп 0:1 болып «Тобыл» алға шықты.
Матчтың екінші кезеңінде айтарлықтай өзгеріс болмады. «Тобыл» «Линкольн» қақпасынан сыңылау іздеумен болды.Бірақ есеп еш өзгермеді.

Өз кезегінде алаң иелері қорғаныста жатып алмай, қостанайлық команданың қақпасына оқтын-оқтын қауіп төндірумен болды.
Командалардың ойыншылары қаншама тер төеседе, көрермендер «Тобыл»соққан бір топтан артық гол көре алмады. Осылайша «Тобыл» екі ойынның қорытындысы бойынша «Линкольн Ред Импсты» 3:0 есебімен жеңіп, Еуропадағы сапарын жалғастырмақ.
Қостанай командасының келесі қарсыласы «Тирана» (Албания) – «Зриньски» (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазы болады.

Өзгелердің жаңалығы