Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жеңіс парады: Жауынгерлердің отбасылары далалық лагерьде болды

22 Сәуір 2025, 14:41
1218
Бөлісу:
 gov.kz
PHOTO
Фото: gov.kz

Жеңіс парадына қатысушылардың отбасылары далалық лагерьде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс минситрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, "Астана" өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің ата-аналары, жұбайлары мен балалары, бауырлары мен әпке-қарындастары елорда шетіндегі далалық лагерге барды. 

Жеңіс парады: Жауынгерлердің отбасылары далалық лагерьде болды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге санаулы ғана күн қалды. Бұл соңғы жылдардағы ең ауқымды іс-шаралардың бірі. Оған төрт мыңнан астам әскери қызметші қатысады.

Жеңіс парады: Жауынгерлердің отбасылары далалық лагерьде болды
Жеңіс парады: Жауынгерлердің отбасылары далалық лагерьде болды

Парадта ең лайықты, күшті әрі төзімді деген жауынгерлер ғана салтанатты сап түземек. Жеңіс шеруі ұрпақтар сабақтастығының символына айналып отыр.

Жеңіс парады: Жауынгерлердің отбасылары далалық лагерьде болды

31775 әскери бөлімі мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары майор Дәулет Қаракесековтің зайыбы кездесуден алған әсерін жасыра алмады.

– Жұбайым үшін мүндай тарихи оқиғаға қатысудың маңызды екенін түсінемін. Әскери адамға әрдайым отбасының қолдауы қажет. Біз мүнда сол мақсатпен келіп отырмыз. Жолдың қашықтығы еш кедергі емес, – деді Айдана Қаракесекова.

Жеңіс парады: Жауынгерлердің отбасылары далалық лагерьде болды

Жақындарының далалық лагерьге келуі жауынгерлер үшін тосынсый болды. 

Өзгелердің жаңалығы