Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Жеңіс"-"Оқжетпес" матчы Дженифер Лопес үшін ауыстырылды

16 Шілде 2025, 19:39
620
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

"Жеңіс"-"Оқжетпес" матчы Дженифер Лопес концерті үшін басқа күнге ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Жеңіс" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясындағы "Оқжетпеске" қарсы матчтың күні мен уақыты өзгергенін мәлім етті.

Матчтың күні мен уақыты "Астана Арена" стадионында Дженнифер Лопестің концертін өткізуге дайындыққа байланысты ауыстырылды. Бұған дейін командалар арасындағы матч 27 шілдеде сағат 18:00-де өтуі тиіс болатын, - деп жазылған хабарламада.

Матч 25 шілдеде "Астана Арена" стадионында өтеді. Ойынның басталуы сағат 19:00-де. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы