Жеңіс күні: Павлодарлықтар Кеңес Одағы батырларының есімі берілген көшелермен жүгіріп өтті

9 Мамыр 2021, 14:25
2184
Бөлісу:
Жеңіс күні: Павлодарлықтар Кеңес Одағы батырларының есімі берілген көшелермен жүгіріп өтті
Фото: автордан

Пaвлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің әуесқой спортшылары Жеңіс күні Кеңес Одағы батырларының есімдері берілген көшелердің бойымен жүгіріп өтті.

«Ешкім ұмытылмайды» жобасы аясында әуесқой жеңіл атлеттер бірнеше рет ұзақ жүгірістер өткізді. Нәтижесінде батырлар ерлігі құрметіне 200 шақырымдық жолды еңсерді.

Акцияны ұйымдастыруға жергілікті Running Pavlodar қозғалысының белсенділері мұрындық болды.

Жеңістің 76 жылдығына орай біз қала көшелерінің бойымен жүгіріп өттік. Нақтырақ айтқанда, Кеңес Одағының батырларының есімдері берілген көшелерді таңдап алдық. Мәселен, Мүткенов, Ледовский, Елгин, Қамзин, Сұрағанов, Катаев, Ткачев, Қайырбаев, Кривенко көшелері. Бүгін батыр ерлеріміздің құрметіне 30 шақырым жүгірдік, - дейді әуесқой спортшы Евгений Белов.

Жеңіс күні қарсаңынде желаяқтар бірнеше рет ұзақ қашықтықта жүгіріп өтті. Мерекеге дейін шамамен 200 шақырым есептелді. Евгений Белов 76 шақырымдық ультрамарафонды жалғыз өзі еңсерген. Ол Павлодар қаласынан Шарбақты ауданына дейін жүгіріп жеткен.

Айта кетейік, 59 жастағы Евгений Белов Мәскеуді азат етуге атсалысқан атасы Александр Рябчиковтың ерлігіне құрмет көрсету мақсатында дәстүрлі ультрамарафонды жүгіріп өтеді. Ардагер марафоншы Солтүстік өңірдің -40 градыстық аязы мен жаздың аптап ыстығында ұзақ қашықтықта жүгірумен танылған.

 




Өзгелердің жаңалығы