Жеңіс күні. Біржолғы материалдық көмекке 5,4 млрд теңге қаражат жұмсалады

5 Мамыр 2022, 12:47
1644
Бөлісу:
Жеңіс күні. Біржолғы материалдық көмекке 5,4  млрд теңге  қаражат жұмсалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан  Сакеев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Жеңіс күніне орай жергілікті атқарушы органдардың тарапынан сомасы 5 млрд 400 млн теңге  біржолғы көмек көрсету қаражаты қарастырылған. Оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектер - 381 адам, Қоршаудағы Ленинград тұрғындары бар  - 92, бұрынғы концлагерде кәмелетке толмағандар  - 212, қаза тапқан ардагердің жұбайына – 3221 адам, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері – 6 адам, тыл еңбеккерлері – 74100 адам, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер 20 мың адам, - деді Сакеев. 

Ол атағандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктерге ҰОС-тағы жеңіске үлесін қосқан азаматтарға материалдық көмектің ең төменгі мөлшерін беруді ұсынады.

ҰОС қатысушыларына барлық өңірде біржолғы материалдық көмек ретінде 1 млн теңге беріледі. Бүгінгі таңда барлық өңірде төлем жүргізіліп жатыр. ҚОС ардагерлері төлемдерді алды. Қалғандары 9 мамырға дейін алады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы