Жеңіс Қасымбек Приозерск қаласына барды

24 Мамыр 2021, 23:25
2012
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек Приозерск қаласына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушы-сүңгуірлерінің халықаралық жиыны басталған Приозерск қаласына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы өңір әкімі Жеңіс Қасымбек facebook-парақшасында жазды.
«ТКРБ» КМК №1 қазандығына бардым. Мұнда жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды. Оның барысында жүйенің тиімділігін арттыратын экономайзер қосалқы жабдықтарын жөндеу қажеттілігі анықталды. Жақын арада қаржыландыру мәселесін шешетін боламыз,– деді әкім Жеңіс Қасымбек
Сапар барысында облыс әкімі орталық аурухананың қалалық емханасына да барды.
Қазір мұнда барлық қажетті заттармен жабдықталған вакцинация орталығы бар. Бірінші кезекте вакциналаудан әскери қызметшілер, білім беру қызметкерлері, дәрігерлер және диспансерлік есепте тұрған пациенттер өтті. 2019 жылы ауруханада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кадр тапшылығын шешу мақсатында жиһазбен жабдықталған 6 жаңа пәтер әзірленді. Шілде айында мұнда жалпы практика дәрігерлері мен педиатр, акушер-гинеколог мамандар келеді, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі жұмыс сапарында тазарту құрылыстарын қайта құру барысымен танысқанын да атап өтті.
2014 жылы нысанның құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 90%-ға орындалып, содан кейін жобаның қымбаттауына байланысты жұмыстар бірнеше жылға тоқтатылды. Қазір ЖСҚ түзетіліп, ЖҚЖК-2021 аясында осы жылдың соңына дейін нысанды аяқтайтын мердігер анықталды. КТҚ-ға кіретін су тазартылған соң, оны екінші рет қолдануға болады, – деді әкім Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар мұнда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар үшін 45 пәтерлі бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Жеңіс бульвары абаттандырылуда. Мұнда жаңа жарықтандыру және мүсіндік композициялар орнатылады. Қалалық бюджеттен көп қабатты үйлердің қасбеттері мен шатырларын жөндеуге, аулаларды абаттандыруға және балалар алаңдарын жөндеуге қаражат бөлінді. Қалалық жағажайды және Қазақстан ғарышкерлері атындағы скверді абаттандыру жоспарлануда, – деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы