Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жеңілдетілген несие: Асыл тұқымды мал алғысы келетіндер нені білуі керек?

Олжас АДАЙ
11 Шілде 2025, 12:06
2023
Бөлісу:
 Жасанды интеллект
Фото: Жасанды интеллект

Мал шаруашылығымен айналысатын қазақстандықтарға жеңілдетілген несие беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мал шаруашылығында екі бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Бірінші, фермерлерге асыл тұқымды мал басын сатып алуға 5%-бен Аграрлық несиелік корпорация арқылы 6-7 жылға несие беру. Бюджеттен 50 млрд теңге қажеттілік бар. Қаржыландыру бөлу мәселесі пысықталуда.
Екінші, бордақылау алаңдары үшін айналым қаражатын толықтыруға 5%-бен қысқа мерзімге (15 ай) несие беру. Қажет қаржы - 50 млрд теңге. Бұл бағдарлама да Аграрлық несиелеу корпорациясы арқылы жүзеге асырылатын болады. Екі бағдарлама бойынша да қаржыландыру бөлу мәселесі заңнама талаптарына сәйкес пысықталуда, - делінген министрліктің ресми жауабында.

Еске салайық, бұған дейін ведомство асыл тұқымды сиыр мен қой сатып алуға жеңілдетілген несие берілетінін хабарлаған еді.

Одан бөлек Ақмола облысының Атбасар ауданында сібір жарасы тіркеліп, бірқатар округте карантин жарияланды. Министрлік эпизоотиялық ошақты жою шаралары қолға алынғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы