Жеңілдетілген автонесие: Енді жалақысы жоғары азаматтар қатыса алмауы мүмкін

2 Мамыр 2023, 11:57
927
Бөлісу:
Жеңілдетілген автонесие: Енді жалақысы жоғары азаматтар қатыса алмауы мүмкін
Фото: egemen.kz

Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өзгеріс енгізілетінін айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша бірнеше мәселе бар.

Біріншіден, біз әр айда қайтарылған қаржы есебінен қосымша автонесиелендіруді жүзеге асырамыз дедік. Бірақ айына шамамен 1 млрд теңге қайтарылып отыр. Ол 100 көлікке жетеді. Осы уақытқа дейін шамамен 4 млрд теңге қайтарылды. Ол ең көп дегенде 400 көлікке жетеді. Бағдарлама жарияланғанда шамамен 5 млрд теңге қайтарылған соң, қайта басталуы керек, - деді министр.

Қарабаев автонесиелеу жобасы қайта қаралатынын айтты. Сондай-ақ ол сөз соңында табысы жоғары азаматтар қатыса алмауы мүмкін екенін де атап өтті.

Екіншіден, (бұрын) бастапқы жарна болмайтын. Ол бойынша 10 пайыз бастапқы жарнаны енгізуді қарастырып отырмыз. Үшіншіден, көліктің құны 15 млн болса, 10 млн теңге несие берілетін. Оны да төмендетуді әрі көбірек көлік беруді қарастырамыз. Сондай-ақ белгілі бір жалақысы бар адамдарға шектеу енгізу көзделуде. Белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе, көлік ала алмайды. Осылайша, мұқтаж жандарға арнап жасаймыз. Осыған дейін көлік алған адамдардың орташа жалақасына қарап, белгілейміз. Қазір қанша екенін айта алмаймын. Осы өзгерістерді бір айда енгізіп аяқтауды көздейміз, - деді Марат Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы