Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Белградқа аттанды

15 Наурыз 2022, 21:47
1452
Бөлісу:
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Белградқа аттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 18-20 наурыз аралығында Белград қаласында (Сербия) жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Алдағы әлем чемпионатына қатысатын барлық спортшылар оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Соңғы екі айда ел ішінде жарыстар өтіп, олардың көрсеткіштерін, техникасын және физикалық көрсеткіштерін жақсартуға практикалық мүмкіндік берді. Төрт спортшы әлемдік бәсекеде қатысуға мүмкіндік алды. Олар: Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Давид Ефремов (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Михаил Литвин (400 метрге жүгіру) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру). Дегенмен, Ольга Сафроновадан басқа барлығы чемпионатта бақ сынайды. Ол бапкелер шешімімен жазғы жарыс маусымына, атап айтқанда Азия ойындары мен Орегондағы әлем чемпионатына қатысу үшін дайындығын пысықтайды», - деді бас бапкер Дмитрий Карпов.

Айта кетерлігі, бүгінде жеңілатлетикадан ел құрамасы Белградқа аттанды. Қазақстан сапынан бірінші болып жарыс жолына Михаил Литвин шығады.

Өзгелердің жаңалығы