Жеңіл атлетикадан Олимпиаданың нормативтері өте жоғары - Дмитрий Карпов

17 Шілде 2024, 15:37
592
Бөлісу:
Жеңіл атлетикадан Олимпиаданың нормативтері өте жоғары - Дмитрий Карпов
Фото: автордан

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов спортшылардың  дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 8 жолдамаға қол жеткізді. Жазғы Олимпиаданың белгіленген нормативтері өте жоғары. Спортшылар үшін олимпиадаға барудың өзі үлкен жетістік. Сол себептен олимпиадаға бара жатқан сегіз спортшының бәріне үміт артамын. Жаттығуға келер болсақ, спортшылар өз бабында, жағдайлары қалыпты, - деді Дмитрий Карпов.

Бапкердің айтуынша, жеңіл атлетикадан Олимпиада жеңімпазы болу үшін топ-20 да болу қажет.

Соңғы жылдары жеңіл атлетикада белгіленген нормативтер жоғарылап келеді. Біздің кездегі нормативтермен салыстырғанда екі есе өскен. Бұл спорт түрі әлемде қарқынды дамып келе жатқаны соншалық, мықты спортшылардың қатары артып келеді. Спортшылар бір-бірінен асып түсіп жатқанын көреміз. Жеңіл атлетикадан олимпиада жеңімпазы болу үшін топ-20 да болу қажет. Дегенмен жақсы дайындық пен қажырлы еңбектің арқасында жеңіске жетуге мүмкіндік бар,- деді жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов.

Өзгелердің жаңалығы