Жеңіл атлет Мария Шувалова Азия ойындарының финалына шықты

Отандасымыз 400 метрге жүгіруден іріктеу кезеңінде 53.06 уақыт нәтижесімен төртінші орын алды.

 ҰОК 25 Қыркүйек 2026, 22:40
25 Қыркүйек 2026, 22:40
98
Фото: ҰОК
Қазақстандық жеңіл атлет Мария Шувалова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында ақтық сынға жолдама алды.

Отандасымыз 400 метрге жүгіруден іріктеу кезеңінде 53.06 уақыт нәтижесімен төртінші орын алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, дәл осы сайыста Александра Залюбовская 53.93 уақыт көрсеткішімен 9-орын алып, финалға шыға алмады.

Наверх