Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

28 Қазан 2023, 13:09
8599
Бөлісу:
Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?
PHOTO
Фото: автордан

Жаңа оқу жылы қарсаңында елордада жаңа білім ошағы бой көтерген болатын. Бұл - №96 мектеп гимназиясы. Мектеп Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорындағы жемқорлардың ақшасына салынған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев және Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев ашылғанына екі ай болған мектепті аралап, жай-күйімен танысты.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Мектеп жергілікті бюджеттің және жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынған.

№96 мектеп гимназиясының директоры Сәуле Теменова білім ордасында қанша бала оқып жатқанын және ғимараттың қалай жабдықталғаны жайлы ақпарат бөлісті.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Мектебіміз биыл 1 қыркүйекке орай ашылды. Бүгінгі таңда білім ордасында 1 500 бала оқиды. Бұл бала санын 2 апта ішінде қабылдадық. Мектебіміздің ашылуы Ұлы дала көшесіндегі №84 мектептегі бала санын азайтуға және №85 мектептің үшауысымды мәселесін шешуге көмектесті. Қазір 260 бала бірінші сыныпта оқиды, - деді мектеп басшысы.

Оның сөзінше, мектеп аралас. 40 пайызы қазақ сыныптары болса, қалған 60 пайызы орыс сыныптары. Мектеп шамамен 3 000-ға жуық баланы қабылдай алады. Бірінші сыныптарда 25-28 оқушыдан бар. Мектепте пән мұғалімдеріне кадр тапшылығы жоқ. Десе де бастауыштың орыс сыныптарына мұғалім қажеттілігі сезіледі.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Сәуле Теменова жаңа білім ордасында кемшілік жоқ екенін сеніммен айтты. Себебі ғимарат сапалы салынған.

Жабдықтауға келетін болсақ, бұл жұмыспен жыл бойы жұмысты жалғастырамыз. Бүгінгі күні химия, биология, физика, информатика кабинеттері толық. Енді тағы басқа кабинеттерге де құрал-жабдықтарды оқу жылында сатып аламыз, - деді басшы.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Мектепте 1-9 сыныптарда ерекше қажеттілігі бар 18 бала оқиды. Оларға барлық қажетті құрал-жабдық әзірленіп, арнайы кабинеттер ашылған. Сонымен қатар мектепте дефектолог, логопед, сурдопедагог және эрготерапевт сияқты арнайы мамандар балалармен жұмыс істейді. Министр осы кабинеттерді аралап, балалармен мұғалімдердің қалай жұмыс істеп жатқанымен танысты.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Сонымен қатар мектепте үзіліс кезінде балалардың пайдалы іспен шұғылдануы үшін де жағдайлар қарастырылған. Мысалы, дәлізде шахмат ойнап, кітап оқуға болады.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа мектептегі робототехника кабинеттерін аралап, балалармен тілдесті.

Қалайсыздар, балалар? Жаңа мектептеріңіз ұнап жатыр ма? Мемлекет басшысы сіздердің әлемдік трендтегі қолайлы, жайлы мектепте оқуларыңыз үшін барлық мүмкіндікті жасап жатыр. Мемлекеттен қаржы бөлініп жатыр, - деді бас ұстаз.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Министр оқушыларға сұрақ қойып, қазір не үйреніп жатқандарын сұрады. Ал балалар робототехникамен айналысып жатқандарын, бұл болашақта инженер, архитектор болуға көмектесетінін айтты.

Бұл болашақта сіздерге не береді? Ия, бұл инженерлік ойлау қабілеттеріңізді дамытады. Ал инженерлік қабілет мықты болса, кез келген өмірлік қиындықтан да шығып кету мүмкіндіктеріңіз жоғары болады, - деп Ғани Бейсембаев оқушыларға кеңесін айтты.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Онымен бірге ведомство басшылығы бастаған делегация бағдарламалау лабораториясында да болып, мұғаліммен және оқушылармен жүздесті.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Мектептегі ерекше таңғалдырған сабақтардың бірі музыка үйірмесі кабинетіндегі сабақ болды. Мұнда балалар ұлттық аспаптармен танысып, оларда ойнауды үйреніп жатқанын көрдік.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Кабинетте оқушыларға сабақ беріп жатқан үйірме жетекшісі Азамат Бақия эксперименталды жұмыс жүріп жатқанын айтты. Оның жеке қорында 1 600 аспап бар. Олардың қатарында домбыра, қобыз, саз сырнай және басқа да аспаптар бар.

Қазақтың ұлттық аспаптарын үйретудің тың жолдары арқылы оларды балаларға барынша қызықты етіп көрсетіп жатырмыз. Мына аспап – саз сырнай. Ол қазақ халқының көне аспаптарының бірі. Оның бірнеше түрі бар, - деді ол.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Азамат Бақия саз сырнайда ойнап, әуенін естуімізге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар жетекші оқушыларын да шығарып, олардың аспаптарда қалай ойнайтынын көрсетті.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Азамат мырза қазақтың көне аспабы – шаңқобызда да ойнап, қонақтарды тағы бір таңғалдырды.

Оған қоса мектептің балалар ансамблі ұлттық аспаптарда ойнап, өнерлерін паш етті. Бұл ансамбль 30-40 минуттың ішінде ғана дайындалып үлгерген.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Азамат Бақия керней аспабының дауысы қалай шығатынын да көрсетті. Сөзінше, балалар қазақтың көне аспаптарының әрқайсысымен танысып, қызығып жатыр.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Үйірмеге қатысушы оқушылардың бірі – Рауан ортекені билету арқылы домбырада күй шертті. Бұл балаларды қазақтың ұлттық аспаптарына қызықтырудың бір түрі.

Министр Бейсембаев Азамат Бақияға алғыс айтып, балаларды тәрбиелеуде қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.

Сөзбен емес, адамның бойындағы рухты оятатын – ол ұлттық аспаптар. Тәрбиенің қайнар көзі де осы аспаптар. Ісіңізге іске сәт! – деп айтты Оқу-ағарту министрі.

Жемқорлардың ақшасына салынған мектеп қандай болады?

Ғани Бейсембаев Инфрақұрылымды қолдау қоры құрылғанын айтып, онда жинақталған қаржы есебінен биыл өңірлерде 62 мектептің құрылысына қаржы бөлінгенін атап өтті. Бүгінгі күні бұл мектептердің шамамен 10-ы 1 қыркүйекке қарай қолданысқа берілді. Жылдың соңына дейін 46 мектеп тапсырылады. Ал қалғаны келесі жылы аяқталады.

Бұл еліміздегі үшауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешуге бағытталған үлкен іс-шаралар. Бұл тек қана басы. Бүгінгі күні қалған жинақталған қаржыларға қатысты басқа да өңірлерден өтініштер жинап жатырмыз. Алдымен үшауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін нақты мектептердің тізімін анықтап жатырмыз, - деді ол.

Министр өз сөзінде мектеп салуға жергілікті кәсіпкерлерді және шетелдік инвестицияны тарту мәселесі бойынша да жоспарлары барын айтты. Бейсембаев болашақта үшауысымдық мектеп мәселесі түбегейлі шешімін табатынын айтып, тіпті мектептер бірауысымды болуы мүмкін екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы