Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады

Бүгiн, 09:36
201
Бөлісу:
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады
PHOTO
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдары үшін жаңа ғимараттар салу, кеңейту арқылы апатты мектептер мен орын тапшылығын жою.

Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келелі. Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан, - деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады

2024 жылы 25 мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында, және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Естеріңізге сала кетейік, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Өзгелердің жаңалығы