Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жемқорлардан тәркіленген қаражат ауылдарды ауыз сумен қамтуға бағытталады – Альберт Рау

18 Тамыз 2025, 21:08
652
Бөлісу:
 Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Қостанай облысындағы Николаевка ауылында көптеген жылдар бойы ауыз су мәселесі туындап келген болатын. Енді елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары таза ауызсумен қамтылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 "AMANAT" партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы осы жылдың қараша айында аяқталмақ. Құрылыстың барысымен Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау мен депутат Еркін Әбіл танысты.

Жемқорлардан тәркіленген қаражат ауылдарды ауыз сумен қамтуға бағытталады – Альберт Рау

Бүгінде құны 1,3 млрд теңгені құрайтын нысанның 50 пайызы дайын. 11 шақырым жерге су құбыры тартылып, құдықтар орнатылып, сорғы станциялары құрылды. Сондай-ақ дәнекерлеу және электр-техникалық жұмыстар аяқталды. Жоба Бейімбет Майлин ауданының барлық халқын ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді.

Жемқорлардан тәркіленген қаражат ауылдарды ауыз сумен қамтуға бағытталады – Альберт Рау

Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Раудың айтуынша, еліміздегі барлық елді мекендерді 100 пайыз таза ауызсумен қамту – "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі міндеттің бірі.

Жемқорлардан тәркіленген қаражат ауылдарды ауыз сумен қамтуға бағытталады – Альберт Рау

"AMANAT" партиясы фракциясының депутаттары жыл сайын ондаған ауылды ауыз сумен қамту жобаларын бюджет жоспарына енгізуге ықпал етіп келеді. Бұған дейін елімізде шамамен 700 ауылда ауыз су мүлде болмаған. Бүгінде жүргізілген жұмыстардың арқасында бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Партиямыздың табанды ұстанымының арқасында арнайы мемлекеттік қордан қосымша қаражат тартылды. Бұған дейін жемқорлардан тәркіленген қаржы тек мектеп құрылысына жұмсалса, біз оны халықтың күнделікті тұрмысымен тікелей байланысты жобаларға да бағыттау қажеттігін көтердік. Соның нәтижесінде еліміздің жүздеген ауылында су құбырын жүргізу мүмкіндігі туды. Алдымызда әлі де үлкен міндеттер бар. Ауыз сумен бірге халық жаңа спорт залдарын, мәдениет үйлерін, әлеуметтік нысандардың салынуын күтуде. Дегенмен бірінші кезекте – ауыз су мәселесі. Біз әкімдіктермен және мәслихаттармен бірлесіп, әрбір теңгенің мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауда ұстайтын боламыз, – деді А.Рау.

Жемқорлардан тәркіленген қаражат ауылдарды ауыз сумен қамтуға бағытталады – Альберт Рау

Депутаттар жергілікті билік өкілдері мен мердігер ұйымдардың ауылдарды орталықтандырылған сумен жабдықтау мәселесіне қатысты есептерін тыңдады. Сондай-ақ әрбір су нысаны бойынша жұмыс кестесі қаралды.

Өзгелердің жаңалығы