Жемқор шенеуніктерден жиналған ақшаға мектеп салынады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 aqmeshit-zhastary.kz 7 Наурыз 2023 2023, 20:28
7 Наурыз 2023 2023, 20:28
1677
Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынатынын айтты,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейсембаевтың сөзінше, бұл жоба жаңа мектептер салуды да, бұрыннан бар мектептерді жөндеуді де қарастырады.

Биыл жемқор шенеуніктердің ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Ол үшін құжаттарымыз бар, тізім де бар. Күндердің бір күнінде бұл тізім қолдау тауып, құрылысқа қаржы бөлінетін болады. Бұл мектептер 20-ға жуық облысты қамтиды, - деді министр үкімет отырысында.

Қаржы министрлігінің арнайы шотында жемқор шенеуніктерден тәркіленген 120 миллиард теңге жиналған.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында жемқорлардан тәркіленген ақша мектеп салуға жұмсалатынын айтқан еді.
 

Наверх