Жемқорлықпен күресуде қоғамдық ұйымдардың үлесі қандай?

1 Қыркүйек 2021, 17:48
787
Бөлісу:
Жемқорлықпен  күресуде қоғамдық ұйымдардың үлесі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Dara Bala» ҚҚ басшысы Зарина Көкжанова «AntikorLive» жобасы аясында өткен брифингте айтты.

Азаматтық қоғам институтының рөлі алдыңғы қатарда болуы керек. Мемлекеттік қызметкерлерге деген сенім жыл санап азайып бара жатыр. Сондықтан азаматтық қоғам институттары мемлекет пен халық арасындағы көпір қызметін атқара алады. Халықтың мұң-мұқтажын азаматтық сектор арқылы жеткізуге болады, - деді Зарина Көкжанова.

Ол жемқорлық жасауға итермелейтін әйелдер туралы да айтып өтті.

Әйелдер кейде күйеулерін өзге біреумен салыстырып, жағдайларының жақсаруларын қалайды. «Ананың әйелі ана жаққа қыдырып барыпты, біз неге бармаймыз» деп айтулары мүмкін. Сондықтан кейде ер азаматтар құлағының тыныштығы үшін қаржы табудың өзге көздерін іздей бастайды. Мен өз оқырмандарым арасында сауалнама жүргіздім. Олардың 90 пайызы жұбайының құқық бұзушылыққа баруына әйелі итермелеуі мүмкін екенін таңдады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы