Астанада Жәмила Бақбергенова жапониялық Сумире Никураны сенімді ұтып, Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Ол – сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ балуаны.
Қазақстандық күндіз ширек финалда тайбэйлік Пинг Цен Хонгты, сосын жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энкх Амарды таза ұтты.
Жәмила - былтыр Моңғолияда өткен құрлық бәсекесінің жеңімпазы. Қазір еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).