Жемқорлық болмас үшін тазалық оқу орындарынан басталу керек – Шпекбаев

8 Қараша 2019, 13:41
3073
Бөлісу:
Жемқорлық болмас үшін тазалық оқу орындарынан басталу керек – Шпекбаев
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматыда өткен форумда жемқорлық болмас үшін балаға үйден дұрыс тәрбие беру керектігін айтты. 

Жиын барысында ол бүгінгі қаралып жатқан мәселе өзекті әрі күрделі екенін айта келе жемқорлықтың салдарына тоқталды.
Сыбайлас жемқорлық ел экономикасына кесірін тигізеді және инвестиция тарту мәселесін тежейді. Сонымен қатар, әлеуметтік дамуды төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді, - деді ол.
 
Сондай-ақ, ол  бүгінгі жиында жақсы ұсыныстар айтылғанын, әсіресе  Ермек Тұрсыновтың бұл мәселені отбасылық тәрбиемен байланыстырғанын құптайтынын жеткізді.

Оған қосыламын, қазақ халқының ежелден келе жатқан дана сөздері бар. Мәселен, "біреудің ала жібін аттама" , "ешкімге қиянат жасама",  "біреудің ақысын жеме", "жетімді жылатпа" дейді. Бұның барлығы отбасында айтылатын сөздер, ата-анамыз бала кезімізден санамызға сіңіріп өсірді. "Байлық неге керек адал жинамасаң, билік неге керек әділдікті құрмасаң"  деп ата-бабамыз баяғыдан айтып кеткен, оған ештеңенің қосудың қажеті жоқ, - деді Шпекбаев.  

Сөз арсында ол біз өзіміз таза, парасатты және адал болсақ сыбайлас жемқорлық болмайтынына сенетінін жеткізді. 

 
Қазір қаладағы жоғары оқу орындарында жемқорлыққа қарсы  көптеген орталық ашылып жатыр. Оның басы-қасында жүрген студенттер. Ертеңгі күні осы жастар билікке келеді, үлкен маман болады. Сондықтан тазалық деген мектеп, оқу орындарынан басталу керек, - деді ол.

Сонымен қатар,  ол бұрын жемқорларды ұстауға көңіл бөлінсе,  енді олардың салдарымен, алдын алу жұмыстары атқарылып жатқанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы