«Желтоқсан. Декабрь. 1986» кітабы ақиқатты қалпына келтіруге көмектеседі - тарихшы

15 Желтоқсан 2021, 17:45
2627
Бөлісу:
«Желтоқсан. Декабрь. 1986» кітабы ақиқатты қалпына келтіруге көмектеседі - тарихшы
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Берік Әбдіғалидың құжаттық хроника «Желтоқсан. Декабрь. 1986» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Жиынның ашылуынада ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Болат Жүнісбеков Желтоқсан оқиғасына қатысты деректерді келтіріп, сол кездегі оқиғаны еске алды.

Бүгін кітап қорымыз «Арыс» баспасы шығарған «Желтоқсан. Декабрь. 1986» кітабымен толығып отыр. Кітапханамызда Желтоқсан оқиғасына қатысты 3500-ден астам дерек бар екен. Өз басым сонау 1994 жылдан 2010 жылға дейін желтоқсаншылармен тығыз байланыста жұмыс істедім. Сол кезде 99 адам сотталған екен. Мына кітапта сол 99 адамның нақты аты-жөндері көрсетілген,-деді ол.

«Желтоқсан. Декабрь. 1986» кітабы ақиқатты қалпына келтіруге көмектеседі - тарихшы

Сонымен қатар ол қазір Желтоқсанға қатысты 17 ұйым бар екенін айтты.

Әрбір ұйымның мақсаты – жастарды патриоттыққа, отанды қорғауға тәрбиелеу деп білемін. Сондықтан мұндай ұйымдардың көп болғаны дұрыс,-деді Жүнісбеков.

«Желтоқсан. Декабрь. 1986» кітабы ақиқатты қалпына келтіруге көмектеседі - тарихшы

Тарихшы Хангелді Әбжанов жаңа кітапты оқи отырып, біраз жайтқа көзім жеткенін мәлімдеді.

Кеңестік жылдары бізде зиялы қауымның екі тобы қалыптасты. Бірі саяси басқарушы интелигенция, екіншісі құқық қорғау интелигенциясы. Кітапта біздің прокурорымыз, Ішкі істердің генералы бәрі аттонын ала қашады. Бұл кітап ақиқатты қалпына келтіруге көмектеседі. Жүз сөз айтқаннан - бір дерегің артық. Ал, мұнда мыңдаған дерек бар. Онда кімнің ұсталғаны, қандай жарақат алғаны бәрі жазылған, - дейді тарихшы.  

Кітаптың тұсаукесеріне ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, желтоқсаншылар қатысты.

Өзгелердің жаңалығы