#Желмая. Үлескерлердің мәселесі қашан шешіледі?

14 Қыркүйек 2020, 12:42
3951
Бөлісу:
#Желмая. Үлескерлердің мәселесі қашан шешіледі?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов.

Салықтан кіретін кіріс қанша млрд-қа азайды? Пандемия кесірінен құрылысы тоқтаған нысандар көп пе? Қала әкімі жеке қабылдауды не үшін өткізеді? Әкім қандай мәселеге жете көңіл бөледі? Үлескерлердің мәселесі қашан шешіледі? Биыл қанша үй пайдалануға беріледі? Бірінші толқыннан қандай сабақ алынды? «Әбу-Даби плазаның» құрылысы қашан аяқталады? Есіл өзені қашан тазарады? Елорданың кейбір көшелерін су басу қашан тоқтатылады? Биыл қар тазалау қалай жүзеге асырылады?

Осы және өзге де өзекті сұрақтарға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов жауап береді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

«Желмая» жобасының бұған дейінгі қонағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских болған еді.


Өзгелердің жаңалығы