#Желмая. Жер көлемі бойынша 9-орында тұрмыз, бірақ мал жаятын жер жоқ

Бүгiн, 17:00
191
Бөлісу:
#Желмая. Жер көлемі бойынша 9-орында тұрмыз, бірақ мал жаятын жер жоқ
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

«Желмая» жобасының бүгінгі қонағы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Млн гектарлап жер қайтарылып жатыр десе де жайылым жер мәселесі өзекті ғой әлі де. Жер көлемі бойынша 9-орында тұрған елміз. Бірақ мал жаятын жер жетпейді. Қайтарылған жерлер қайтадан басқалардың меншігіне кетіп жатқан жоқ па?

Бір кездері Салық комитеті «салыққа қарызың-халыққа қарызың» деп, бір тиын да берешегі барлардың аты-жөнін жариялап төлеткен. Ал енді бұл жерде жерді заңсыз иеленіп алғандары анық болса, қайтарғысы келмей отырғандардың кім екенін қоғамға неге ашық айтпасқа? Оған не кедергі?

Осы және де өзге де сауалдарға «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек жауап береді.

«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

«Желмая» жобасының өткендегі шығарылымының қонағы экономика ғылымдарының магистрі, "AnalystGeneration" ғылыми-аналитикалық орталығының басшысы Қажыкелді Шамбыл болған еді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы