"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы - медицина ғылымдарының докторы, профессор Жасан Зекейұлы.
Пневмония мен коронавирустың екеуі бір нәрсе ме? Дымқыл ауаның өкпеге қандай әсері бар? Пневмония неге өршіп кетті? Вирус неше жылға созылады? Иммунитетті көтеру үшін қалай тамақтану керек? Профилактика үшін аспирин ішу қажет пе? Ауырмау үшін не істеу қажет? Осы және өзге де сауалдарға профессор жауап береді."Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.