"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – ақын, филология ғылымдарының кандидаты, ұстаз, доцент Серікзат Дүйсенғазы.
Ақын Серікзат Дүйсенғазының карантиндегі күндері қалай өтті? Төтенше жағдай кезінде білім беруді онлайн ұйымдастыру жағынан қай университет республика бойынша озық шықты? Карантин басталар кезде шалғайда орналасқан ауыл-аймақтағы үйлеріне қайтып кеткен студенттерде оқу барысында қандай да бір қиындықтар туындады ма? Карантиннің пайдасы тиді ме? Жалпы Қазақстандағы журналистиканың қазіргі халі қалай? Әншілерді "шегірткеге" теңегендерге қатысты ұстаздың пікірі қандай? Айтыскер ақындардың кеңінен тарап кеткен лотереяны ойнатуы дұрыс па? Лотерея шуында ұйымдастырушылар кінәлі ме, әлде оны сатып алатын қарапайым халық па? Қоғамда қазіргі таңда ақындардың рөлі қандай? Пандемиямен қатар келген Абайдың 175 жылдығы өз деңгейінде тойлана ма? Біз айтулы датаны атап өту барысында Абайға не бере аламыз?
"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Жобамыздың бұған дейінгі қонағы "Орда" тобының мүшесі, әнші Дастан Оразбеков болды.