Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы - Астана Мемлекеттік Қызмет Хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов.
Әлихан Байменов кімдерді тыңдайды? Мемлекеттік Қызмет Хабының қызметі қандай? Сбермен цифрлық ынтымақтастық жасаған дұрыс па? Қазақтың ұлы қасиетінің бірі қандай? Тілдің иесі кім? Эстонияның қандай тәжірибесін қолдану керек? Қазақша контентті қалай жасау керек? Әлихан Байменов қандай бастама көтергісі келеді? Мемлекет қандай аудармаға көп көңіл бөлуі керек? «Тоғыз құмалақ» қандай мұра? Байменовтің ең үлкен өкініші қандай? Бүгінгінің батыры кім? Балаларға ең керегі не? Байменовтің ең үлкен жетістігі қандай? Осы және өзге де маңызды сұраққа Мемлекеттік Қызмет Хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов жауап берді.
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.
Бұған дейін «Желмая» жобасында БЖЗҚ Нұр Сұлтан қалалық филиалының директоры Мұрат Шарипов қонақта болды.