#Желмая жобасының бұл жолғы кейіпкері композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджанов.
Республика күнін неге алып тастадық? Ән жазып бер деп хабарласатындар көп пе? 1-2 ән жазып, өзін композитормын деп атайтындар неге көбейіп кетті? «Оян қазақ» әні неге оты жанбай өшіп қалды?
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.