#Желмая. Болманов: Алланың емес, хайптың құлы болып барамыз

15 Мамыр 2020, 12:28
6445
Бөлісу:
#Желмая. Болманов: Алланың емес, хайптың құлы болып барамыз
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмаяның" бүгінгі қонағы – әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов.

Қыдырәлі Болманов жұлдыздардың жаппай лотерея ойнатуына қатысты не дейді? Продюсер жақында әлеуметтік желіде лотерея ойнатамын деп басы дауға қалған әнші Ернар Айдарды қолдай ма? Әншілерді шегірткеге теңеген Ахметбек Нұрсиланың ойына қатысты Қыдырәлі Болмановтың не айтары бар? Әнші "қазақ жалқау" деген пікірмен келісе ме?

Продюсер сұхбатын өзін толғандырып жүрген мәселеге қатысты ойымен аяқтады.

"...Мені бір мәселе алаңдатады. Пәтерсіздің бәрі – қазақ. Өзіміз Қазақстанда тұрамыз. Қазаққа кеңдікті, жомарттықты, жер байлығын да бере салған. Неге үйі-күйі жоқтың бәрі қазақ? Жұмбақ, иә?".

Осы және өзге де сұрақтарға жауап берген әншінің сұхбатын "Желмаядан" көріңіз.


"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы саясаткер, экономика ғылымдарының докторы Мұхтар Тайжан болды.


Өзгелердің жаңалығы