#Желмая. Құралай Ошақбаева психолог па, тренер ме?

10 Мамыр 2020, 12:40
12924
Бөлісу:
#Желмая. Құралай Ошақбаева психолог па, тренер ме?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмаяның" бүгінгі қонағы – коуч-тренер Құралай Ошақбаева (Құралай ханым).

Психологтан коуч-тренердің айырмашылығы қандай? "Үй қамақ", яғни карантин кезінде коуч-тренер немен айналысты? Қыз-келіншектердің барлығына түрлі кеңес беріп, мотивация сыйлап жүрген Құралай ханым күш-жігерді қайдан алады? 20 жыл бойы өзін тек отбасына ғана арнаған оның қазіргі жетістігі қашан және қалай басталды? Әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырманы бар коуч-тренердің қазір эстрада жұлдыздары арасында хит болып тұрған лотерея ойнатуға қатысты пікірі қандай? Су тасқыны үйлерімен қатар көңіл-күйлерін де шайып кеткен мақтааралдықтарға барып, Құралай ханым сөз жәрдем ете ме? Осы және басқа да сауалдарға бүгінгі сұхбатымыз барысында Құралай Ошақбаева жауап берді.


"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы экс-министр, қазіргі уақытта ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы болды.

Өзгелердің жаңалығы