#Желмая. Өңірлер қызыл аймаққа өтсе, Ashyq қосымшасы іске қосылады – Байтанаев

14 Шілде 2022, 17:00
8803
Бөлісу:
#Желмая. Өңірлер қызыл аймаққа өтсе, Ashyq қосымшасы іске қосылады – Байтанаев
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев «Желмая» жобасында айтты. 

Жағдайдың ушығып кетпеуін алдын алу мақсатында барлық азамат ревакцинациядан өтуі керек.Бүгінгі таңда елімізде вакцина тапшылығы жоқ. Отандық вакцина, қытай  вакцинасы мен америкалық вакцина бар. Вакциналар тегін. Өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтап қалу үшін ревакцинация қажет. Алматы қаласы қазір қызыл аймаққа жақын тұр. Қалған аймақтар жасыл. Бас санитардың қаулысына сәйкес, өңір қызыл аймаққа өтсе, Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істеу қосылады. Қалған шектеулер ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланып, шешім шығарылады, - деді Байтанаев. 

Ол атағандай, іс-шара ушыққан жағдайда қабылданатын жоспарлар бар. 

Бірақ жағдайды ушықтырмау үшін, азаматтар саналы түрде иммундаудан өту керек. Вакцинаны кез келген пункттен алуға болады. Басқа қалада жүрсеңіз де, салдыра аласыз. Бізде барлық маман оқытудан өтті. Келген азаматтарға сапалы қызмет көрсетеді, - деді Ержан Байтанаев. 

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы