#Желмая. Мемлекеттік қызметшілер пара алмау үшін не істеу керек?

4 Мамыр 2022, 09:15
6231
Бөлісу:
#Желмая. Мемлекеттік қызметшілер пара алмау үшін не істеу керек?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы.

Жемқорлық ең көп сала қайсы? Жемқорлықтың алдын алу мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Жүзден астам қылмыстық іс қозғалды, бірқатар шенеунік ұсталды. Пара берген де, алған да, оның арасында делдал болған да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  Осы уақытқа дейін ұрыларға көз жұмып келді ме? Мемлекеттік қызметшілер пара алмау үшін не істеу керек? Пара беру деректері неге жиілеп кетті? Пара алуға жалақының аздығы әсер ете ме?

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін жобамыздың қонағы KAZGUU университеті жеке құқық департаментінің профессоры Сара Ыдырысова болған еді.

 

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы