#Желмая. Білім саласындағы ең үлкен қателік

4 Тамыз 2022, 17:23
36019
Бөлісу:
#Желмая. Білім саласындағы ең үлкен қателік
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

«Желмая» жобасының кезекті қонағы PHD доктор, «QazBilim» жобаларының негізін қалаушы, тіл жанашыры Аятжан Ахметжанұлы.

Біз қаншалықты екі министрлікке мұқтаж мемлекетпіз? Аятжан Ахметжанұлының пікірінше, мемлекетті жаулап кеткен жұмыссыздық емес, мемлекетті жаулап кеткен біліксіздік. Ол неліктен мамандардың көпшілігінде жартылай жалған диплом деп есептейді. «Желмая» жобасының бүгінгі шығарылымында мамандардың білімі мен біліктілігі жөнінде ой толғау болады. 

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы белгілі экономист, экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жұбаев болды. 

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы