#Желмая. Экономикалық одақ немесе біз арабтармен тең өмір сүру мүмкіндігінен қалай айырылдық

27 Шілде 2022, 16:00
34790
Бөлісу:
#Желмая. Экономикалық одақ немесе біз арабтармен тең өмір сүру мүмкіндігінен қалай айырылдық
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Белгілі экономист, экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жұбаев еліміздегі экономикалық жағдай туралы #Желмая жобасында айтты.

 

Бүгінгі таңда олигархтар мемлекеттің бағаны реттеуінен де пайда көріп жатыр. Халыққа қарағанда арзан нәрселерді пайдаланып жатыр. Ал Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей көршілерімізде жанармай бағасы 2 есе жоғары. Өзбекстанда АИ-92 бензині 350 теңгеге келіп тұр. Біз кеденде істейтін адамдарға жемқорлыққа жол ашып беріп отырмыз. Мысалы, Қорғаста бірқатар адам қамалды. Осы нәрселерді Үкімет реттемейінше, оны тоқтату мүмкін емес. Бұл – үлкен жүйе, - деді экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жұбаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік меншікті 55-60 пайыздан 10-15 пайызға түсіру керек. 

«Самұрық-қазына» деген мемлекет ішіндегі мемлекетті кішкентай ұйымға айналдыру керек. Өркениетті елдерде мемлекеттік меншікті басқаратын ведомстволар бар. Олар өте шағын. Қаржы министрлігінің жанында отырады. Сондықтан «Самұрық-Қазына», ҚТЖ сынды ірі ұйымдар керек емес. Олардың басқарушыларына кетіп жатқан ақша, табыстарынан көп, - деді ол. 

 

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы