#Желмая жобасының бұл жолғы кейіпкері ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өтіп бара жатқан апта еліміз тарихындағы елеулі апта десек артық айтқандығымыз емес. Бір аптада әлемнің ең ықпалды деген 11 мемлекетінің басшыларын жинап, оннан астам кездесу, ресми меморандумдар әлемдегі геосаяси алаңға айналған Астана төрінде талқыланды.
Естеріңізде болса бір кезде еліміз Түркия мен сирия арасындағы мәселені түбегейлі шешу үшін "Астана алаңын" ұсынған болатын. Әлемге бейбітшілікпен аты мәшһүр еліміздің дәл қазіргі уақытта, алыс-жақын көршінің бәрі бір-біріне қырын қарап тұрғанда ортақ мүдде, біртұтас идея үшін жұмылуға шақырып, төрден орын беруі аса маңызды.
Сонымен, осы аптадағы саяси оқиғалардың түйінін #Желмая жобасының кейіпкері, саяси сарапшы Әсел Назарбетовадан тыңдаңыздар.
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева болған еді.