Әскерде өлім-жітім не себепті көбейіп кетті? Бүгінгі жастар кімге еліктеп өсуі керек? Бүгінгінің батыры кім? Қорғаныс саласын кімдер басқарып жүр? Командир мен сарбаз арасындағы қатынас қандай болуы керек? Осы және өзге де сауалдарға Бақытжан Ертаев жауап береді.
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.