#Желмая. Ashyq-та «жасыл» мәртебесі неліктен үш күн ғана тұрады?

31 Мамыр 2021, 13:15
8070
Бөлісу:
#Желмая. Ashyq-та «жасыл» мәртебесі неліктен үш күн ғана тұрады?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков.

Ashyq деген не? Ондағы «көк», «жасыл», «сары» және «қызыл» статустар нені білдіреді? Ashyq-та «жасыл» мәртебесі неліктен үш күн ғана тұрады? Бүгінгі күнге дейін Ashyq-қа қанша адам тіркелді? Сондай-ақ қосымшада «көк» шықса, кез келген мекемеге кіруге рұқсат па? Аталған мәртебелер қалай анықталады? Вакцинаның екі компонентін де алғандардың мәртебесін базаға енгізу мәселесі шешіліп жатыр ма? Осы және өзге де сауалдарға Бекболат Молдабеков сұхбат барысында жауап берді.


 

«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.
 

Бұған дейінгі жобамыздың қонағы тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов болған еді.

Өзгелердің жаңалығы