Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыстың алғашқы сәтіндегі бейнежазбалар желіге тарады.
Жарылыс болған сәт әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмхананың бейнебақылауына түсіп қалған.
Кадрдың басында жарылыстың екпінін айқын байқауға болады. Жарылыс дәмхананың терезесін сындырып, адамдарды жан-жаққа ұшырып жіберген. Сонымен қатар камераға сауық кешенінің жабық қақпасынан секіріп өтіп бара жатқан әскери адамдар түсіп қалған.
Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Салдарынан қаза болғандар саны оннан асты, ал зардап шеккендер саны 100-ге жуықтады. Бүгін Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған 3 мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды.