Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте инсульт алған және қан қысымы жоғары қазақстандық зейнеткерлерге жасалатын жеңілдіктер туралы ақпарат тарады. Шындығында, мұндай бағдарлама жоқ.
Осындай диагноз қойылған зейнеткерлерге арналған мемлекеттік бағдарлама немесе жеке төлемдер туралы ақпарат ресми БАҚ-та және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жоқ.
Ақпараттың фейк екендігін мақаланың жеңілдіктер туралы тақырыбынан (кликбейттік) түсінуге болады. Онда былай жазылған: «7 қаңтардан бастап инсульт алған және қан қысымы жоғары қазақстандық зейнеткерлердің әрқайсысы 5-тен ала алады … ». Тақырыпта негізгі ақпараттың болмауы сілтеме арқылы сайтқа кіруге еліктіретін парақшаларға тән. Кейбір жағдайларда бұл сілтемелер қорғалмаған парақшаларға апарады. Онда деректеріңізді қалдырып, оларды алаяқтар үшін қол жетімді етесіз. Осылайша, кибер-алаяқтар жеке аккаунттардың логиндері мен парольдерін, төлем деректерін, банк карталары туралы ақпаратты және т.б. иемденеді. Бұл фишинг деп аталады. Сақ болыңыздар, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер және ақпаратты ресми дереккөздерде тексеріңіздер.